БАЛАБАҚША ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТ

Білім беру ұйымы туралы жалпы мәліметтер

 

Жабдықтар мен жиһазбен қамтамасыз ету туралы мәліметтер 2023 жылғы бойынша

Оқу әдістемелік кешендердің болуы туралы мәліметтер 2023 жылғы жағдай бойынша

Педагог кадрлармен жасақталғаны туралы мәліметтер

 

Білім беру ұйымының толық атауы: 

Түркістан  облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің «Болашақ» бөбекжай балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.

Білім беру ұйымының орналасқан жері:

Қазақстан Республикасы, Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Бөгенбай батыр көшесі, 24/1 құрылыс.

Заңды тұлғаның байланыс деректері: телефон: (8725) 39 2-40-07;

ресмисайтhttps:/ bolashak.kazigurt.kz/

e-mail: bolashakbobekzhai@mail.ru;

мессенджерлер: https://m.facebook.com/story.php?_fbid=pfbid02Dqz

Заңды тұлға өкілінің байланыс деректері: (8725) 39 2-40-07;

 

«Болашақ» бөбекжай балабақшасыныңың директоры  Жиренбаева Улжан Кобейсиновна

(«Құжаттар»папкасы: лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың көшірмесі)

Құқық белгілейтін, рұқсат беретін және құрылтай құжаттары:

Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 04.02.2021 жылғы анықтама

(«Құжаттар»папкасы: заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтаманың көшірмесі)

Білім беру саласындағы қызметтің басталғаны туралы 11/02/2015 жылғы № KZ35XXX00006651 хабарлама талоны.

(«Құжаттар»папкасы: мектепке дейінгі тәрбие және оқыту саласындағы қызметтің басталғаны туралы хабарламаны жіберу туралы талон)

«Болашақ» бөбекжай балабақшасы  МКҚК мектепке дейінгі ұйымы 04.02.2021 жылғы №59 тіркелген Жарғы негізінде жұмыс істейді.

Құжаттар» қалтасы: Жарғының көшірмесі)

Кәсіпорын қызметкерлерінің құқықтарын қорғау және сақтау үшін жұмыс беруші мен ұйым қызметкерлерінің кәсіподақ комитетінің өкілі арасында 07.09.2020 жыл №275 Ұжымдық шарт жасалды.

(«Құжаттар» папкасы: Ұжымдық шарттың көшірмесі)

Бөбекжайының жобалық қуаты:12 топ-280 бала.

Тәрбиеленушілердің жалпы саны:280 адам.

Құрылған күні:2011 жылғы13 қаңтар.

Түркістан  облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің «Болашақ» бөбекжай балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны Қазығұрт ауданындағы «Балапан» бағдарламасы бойынша салынған алғашқы мектепке дейінгі ұйым болып табылады. Мектепке дейінгі ұйым ауданы 5926 шаршы метр болатын екі  қабатты типтік ғимаратта орналасқан. Ғимарат барлық орталық коммуникациялармен жабдықталған. Ыстық сумен қамтамасыз етілген.

Балабақшада 12 топ мемлекеттік тілде жұмыс істейді.

Әр топқа қабылдау бөлмесі, ойын және жатын бөлмелері, жуу блогы, дәретхана кіреді. Барлық топтар жас ерекшеліктеріне және психо-физиологиялық қажеттіліктерге сәйкес жиһазбен жабдықталған. Оқу және ойын аймақтары жеткілікті мөлшерде оқу, тарату, дидактикалық және ойын материалдарымен қамтамасыз етілген.

Балаларға дәрігерге дейінгі алғашқы медициналық-санитарлық  қызмет көрсету бойынша медициналық кабинет жұмыс істейді.

Құжаттар»папкасы:медициналық қызметпен айналысуға мемлекеттік лицензия көшірмесі)  Барлық топтарға жеткілікті стационарлық және портативті кварц шамдары бар.

Барлық топтар мектеп жасына дейінгі балаларды тамақтандыруға ыңғайлы, эстетикалық жағымды, берік және жууға және өңдеуге ыңғайлы заманауи  ыдыстарымен қамтамасыз етілген.

Балабақшада білім беру қызметтерін сапалы орындауға ықпал ететін жабдықталған материалдық-техникалық база құрылды. Балабақша ғимаратында толыққанды оқу-тәрбие процесін жүзеге асыру үшін келесі оқу және қызметтік кабинеттер бар:- музыка залы;

— спорт залы;

— әдістемелік кабинет;

— қазақ және орыс тілдерінің кабинеті;

— бейнелеу өнері кабинеті;

— психолог кабинеті;

— директор кабинеті;

— бухгалтер кабинеті;

— директордың әкімшілік-шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасарының кабинеті;

— медициналық кабинет;

— оқшаулағыш;

— ас блогы;

— кір жуатын орын;

— техникалық қызметкерлер бөлмесі.

Балабақша аумағының ауданы 1,3 га құрайды. аумақта жабық беседкалар, әткеншектер, 12 ойын алаңы және ашық бассейн бар.

 Балабақшаның барлық аумағы темір қоршаумен қоршалған,  заманауи бейнебақылау жүйесі, өрт және күзет дабылы орнатылған, төтенше жағдай кезінде дабыл түймесі мен шақыру пульті бар.

Түркістан  облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің «Болашақ» бөбекжай балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны 3 жастан 6 жасқа дейінгі тәрбиеленушілер келеді. Балаларды қабылдау Balabaqsha Smart Nation электрондық портал арқылы жолдамамен қабылданады.

Түркістан  облысының адами әлеуетті дамыту  басқармасының Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту  бөлімінің «Болашақ» бөбекжай балабақшасы  мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны барлық қызметкерлерге арналған істер номенклатурасына ие.

Мектепке дейінгі ұйымға басшылық ету, Нормативтік-құқықтық құжаттар негізінде жүзеге  асырылады:

— Қазақстан Республикасының 30.08.1995 жылғы Конституциясы (11.07.2021 ж. жағдай бойынша өзгерістермен және толықтырулармен);

— «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Қазақстан Республикасының 2007.06.04 №258 Конституциялық заңы (2018.06.29 № 62 — VI өзгерістерімен және толықтыруларымен);

— «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайында тәрбиенің тұжырымдамалық негіздерін қабылдау туралы «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі № 145 бұйрығы».